Кіші Боғда
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Кіші Боғда, Кіші Бөгде – Ащықақ сорының оң түстік-батысын ала орналасқан аласа оқшау қырат. Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданында, Шоңай т. ж. ст-нан 38 км жерде. Абсолюттік биіктігі 37 м, шығысындағы Ащықақ сорымен салыстырғандағы биіктігі 45 м. Кіші Боғда палеоген-неогеннің құмтас, әктас, балшық жыныстарынан түзілген. Карст құбылысының әсерінен пайда болған кішігірім үңгірлер мен ұңғыма тәрізді қуыстар жиі кездеседі. Топырағында жусан және сораң шөптер өседі.<ref>Қазақстан Энциклопедиясы</ref><ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>
Дереккөздер
<references/>