Кішкенесортаң
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Кішкенесортаң– Арал маңы Қарақұмының солтүстік-шығысындағы қоныс. Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында орналасқан. Солтүстігінденде Байқұтқұм құмы, шығысында Кеңшағыл құмы, оңтүстігінде Шәмбет артезиан құдығы, батысында Барғақұм төбесі жатыр. Кішкенесотаң қонысы солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 13 км-ге созылған, енді жері 2–3 км. Теңіз деңгейінен шамамен 95 м биіктікте.Жер бедері құрғақ аңғарларға ұқсас сор немесе көл тізбектерінің ойыстарынан қалыптасқан.<ref>Қазақстан Энциклопедиясы</ref>
Сілтемелер
<references />