Кітапхана құрылымы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Pn-lib-1959-shelf-1.jpg
Мектеп кітапханасы,1959 ж.

Кітапхана жүйесінің жинақты көрсеткіші

Кітапхана жүйесінің жинақты көрсеткіші - бір жерде (аудан, қала, облыс) орналасқан немесе бір мекемеге қарайтын жеке кітапхананың немесе кітапханалар тобының жұмыс тиімділігінің көрсеткіші.

Кітапхана жұмысының жиынтық көрсеткіші өлшем келмейтін, ортақ жұмсалған еңбек, шығын, пайдалы нәтиже немесе шарттық сипаттамалар негізінде өлшеуге келетін аткарылған жұмыс.

Кітапхана практикасында кітапхана жұмысының жинақты көрсеткіші

  • жеке кітапхананың бір мөзгілдегі бірнеше және
  • турлі-түрлі көрсеткіштері бойынша тұтас қызмөтіне сипаттама беру үшін есептеледі.
  • Бір топ кітапханалар жиынтығының жұмыс нәтижөсіне сипаттама беру үшін есептеледі.

Мұның бірінші сатысы кітапхана қызметінің интенсивтілік коэффициентін қолдану болып табылады.

Кітапханалық статистикасының бір бөлімі

Кітапханалық статистикасының бір бөлімі кітапханалардың санын, олардың даму дәрежесін түрлі белгілері бойынша топталуын, жүйенің қалыптасу ерекшеліктерін зерттейді. Бүл мәлімет кітапхана жүйесінің өркендеуін, тұрақты кітапханалардың жүмысын көрсетеді. Кітапхама жүйесінің статистикалық мақсаттары үшін кітапханалар мынадай топтарға бөлінеді: көпшілік, гылыми-техникалық кітапханалар, жоғары оқу орындарынын ғылыми кітапханалары, арнаулы кітапханалар, мектеп кітапхаиалары, т.б. Кітапхана жүйесіне талдау жасау үшін мынадай көрсеткіштер қолдапылады


Кітапхана жабдығы

Түрлі кітапханалық процестерді атқару үшін қолданылатын материалдық-техникалық құралдар кажет.

Кітапхананың негізгі жабдықтары:

  • кітап беру кафедрасы,
  • каталог шкафы,
  • оқырман үстелі,
  • көрме витринасы,
  • сөре.

Кітапхана жабдығы бөлмелердегі орналасу сипатына қарай бірнеше түрге бөлінеді:

  1. барлық жағын түгелдей ашық орналастыру (оқырман үстелі, екіжақты сөрелер, екіжақты кітап көрмелері мен каталог шкафтары, т.б.);
  2. қабырғаға сүйеп орналастыру (біржақты сөрелер, кітаптар мен журналдарға арналған шкафтар, көрме витриналары мен каталог шкафтары);
  3. қабырғаға іліп орналастыру (қабырғаға қағылған немесе тіреп ілінген витриналар, сөрелер, газеттерге арналған үстатқыштар, түрлі көрсеткіштері бар тақталар, оқырман сұранымының орындалуын хабарлайтын индикатор және т.б.

Кітаптардың орналасу сипаттары

Кітапханаларда қабырғаға ілу арқылы орналастырылатын жабдықтар барған сайын кең қолданылуда. Кітапхана жабдығының, сондай-ақ жылжымайтын, қозғауға келмейтін, кейде тіпті бір орынға мықтап бекітілгөн және мобильді қажетіне қарай орнын ауыстыруға болатын түрлері бар. Мысалы, көшпелі кітапхана сияқты алып жүретін витриналар; ролик типтес дөңгелектер орнатылған жылжымалы витриналар мөн сөрелер, ықшам орналастырылған кітап қоймаларындағы сөрелөр, кітап тасуға арналған арбалар. <ref>Кітапхана энциклопедиясы</ref>

Дереккөз

<references/>

Дереккөз

<references/>