Кітапхана бөлмелері
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Окырмандар мен кітапханашыларға жұмыс істеу үшін бөлінген бөлмелер:
- оқу залдары,
- компьютер залы,
- кітап беру бөлмелері - анықтама-библиографиялық ақпарат қойылатын,
- кітап қоры сақталатын бөлмелер,
- түрлі кітапханалық процесстер (кітап қорын жинактау, баспа өнімі-шығармаларын кітапханалық өндеу. библиографнялық және әдістемелік жұмыстар және т.б.) аткарылатын бөлмелер.
Сурет:Graz University-Library reading-room.jpg
Австриядағы Грац қаласындағы университетінің кітапханасының оқу залы.
Бөлмелер аумағы
Кітапхана бөлмелерінің есеп нормасы технологиялық жабдықтардың аумақты көлемі мен қолайлылық дәрежесіне қарай белгіленеді.
Негізгі нормативтер:
- жеке оқырманның бір орындық орнына 2,7—3,0 m²,
- екі орындықты үстелге 2,4 m²
- көп орындықты үстелге 2,1 m²,
- бір қызметкер орнына (көмекші жабдықтарды есептегенде) 4,0— 6,0 m²,
- қызмет бабында пайдаланатын 84 жәшікті каталог шкафына (қызмет істеушілерді қоса есептегенде) 3,0 м,
- оқырмандар каталогіне 3,5—4,0 m² алаң керек;
- негізгі кітап қоймасында 1000 кітапқа 2,5— 2,25 m² алаң бөлінеді.
<ref>Кітапхана энциклопедиясы</ref>
Дереккөз
<references/>