Кілемжайған
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Кілемжайған– ежелгі қоныс орны. Қызылорда облысы Сырдария ауданы Қызылжарма ауылының (№11 т. ж. айырмасы) солтүстік-шығысында орналасқан. Романовтар патшалығының 300 жылдығына байланысты Перовский шаңырағы қонаққа шақырған патша әулеті қоңыраулы күймемен саяхаттап келе жатып, осы Кілемжайған жеріне тоқтаған. Жергілікті болыс, билер көл жағасына 300 кілем жайып 3 – 4 қатар ақ үй тігіп патша әулетін қонақ еткен. Сол жер кейін Кілемжайған аталған.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>