Кілегейлі қабық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кілегейлі қабық (tunika mucosae; Үлгі:Lang-la— қабық, mucosa — кілегей) — адам мен жануарлар организмдеріндегі түтікше ішкі мүшелердің ішкі қабығы. Кілегейлі қабықтың екі түрі кездеседі. Олар: тері тәріздес және ішек тәріздес кілегейлі қабықтар. Тері тәріздес кілегейлі қабық ауыз қуысы мүшелерін (тіл, қатты және жұмсақ таңдай, ерін, ұрт) астарлайды. Ол ішкі эпителий (көпқабатты жалпақ эпителий) және өзіндік тақташа (борпылдақ дәнекер үлпасы) қабаттарынан тұрады. Ал ішек тәріздес кілегейлі қабықта көптеген қатпарлар мен бүрлер болады. Ол түтікше ішкі мүшелердің кілегейлі қабықтарын құрайды. Ішек тәріздес кілегейлі қабық өз кезегінде төрт қабаттан тұрады. Олар ішінен сыртына қарай: эпителий, өзіндік тақташа, етті тақташа (бірыңғай салалы ет ұлпасы) және кілегейліасты негіз (борпылдақ дәнекер ұлпасы). Кілегейлі қабықтың ішкі эпителий қабатын түтікше мүшелердің қызметіне байланысты(қорғаныс, сору, сіңіру қызметіне байланысты т. б.) әртүрлі эпителий ұлпасы (бірқабатты, көпқабатты эпителий) астарлайды. Етті тақташа қабаты жиырьлып, кілегейлі қабықта пішіні әртүрлі қатпарлар мен бүрлер түзеді. Кілегейліасты негізде қоректендіргіш ірі қан тамырлары, кілегейліасты интрамуральды (қабыршалық) жүйке түйіндері (ганглийлері) орналасады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Шырышты қабық


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кілегейлі қабық|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}