Кристалхимиялық өтемелеу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кристалхимиялық өтемелеу — изоморфизмдегі құбылыстар. Кристалхимиялық өтемелеудің маңызды типінің бірі — көлемдік немесе өлшемдік өтемелеу. Мұнда кристалдық тордағы атомның не ионның орнына одан өлшемі үлкен не кіші атом не ион және онымен бірге көрші атом мен ионның орнына оған өлшемі керісінше кіші не үлкен үшінші түрлі атом не ион кіреді. Осының нәтижесінде кристалдык тордың көлемінде өзгеріс болмай, орнықтылығы сақталады. Мұндай Кристалхимиялық өтемелеу изоваленттік изоморфизмге тон, кейде гетероваленттікте де орын алады. Кристалхимиялық өтемелеудің келесі типіне валенттік өтемелеудің екі түрі жатады. Бірінші түрінде кіші валентті атом мен ионның орнына үлкен валентті атом мен ион кіреді, мұндайда оларға қоса валенттік өтемелеу болады, яғни валенттігі үлкен басқа атом мен ионның орнына кіші валенттілер кіреді. Валенттік өтемелеудің екінші түрінде бір ионның орнына валенттігі үлкен екінші ион кіреді, ал валенттік өтемелеу катионның емес, анионның орнын ауыстырумен жүреді. Табиғи қосылыстарда кейде өтемелеудің екі типінің екі түрі бірдей орын алады. <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Geology-stub