Крахмалдау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Крахмалдау<ref>"Шаңырақ" үй-тұрмыс энциклопедиясы. Алматы. 1991. ISBN 5-89800-035-6 (1-й з-д)</ref> - бұйымдарды сыртқы өңі кетпеу үшін, қыртыстанбау және тез кірленуден сақтау үшін крахмалмен қатыру процессі. Крахмалдауға табиғи крахмалдарды (картоптан, күріштен, жүгеріден жасалған) немесе крахмалдауға арналған арнайы химиялық препараттарды пайдаланады.

Крахмалдаудың әсері

  • Крахмалдау бұйымның бір тегіс болуын қамтамасыз етеді және бұдан кейін жууды да жеңілдетеді.
  • Препараттар крахмалдап қана қоймай бұйымның бояуының түрін енгізіп, құрамындағы оптикалық ағартқыштар мен парфюмерлік хош иістер беріп өңдендіре түседі.
  • Ақ және түсті мақта, кенеп матадан және вискозадан жасалған бұйымдарға арналған препараттар бір мезгілде крахмалдап, түрін ашады, нілдеп, хош иіс беріп және үтіктеуді жеңілдетеді.

Крахмалдаудың түрлері

Жұмсақ крахмалдау

Жұмсақ крахмалдау төсек жаймаларын, сүлгілерді, перделерді, әйелдердің жейделерін крахмалдағанда қолданылады.

Жартылай қатты крахмалдау

Жартылай қатты крахмалдау асхана жабдықтарын (дастарқан), жиһаз жапқыштарын, ерлердің жейделерін крахмалдағанда пайдаланылады.

  • Крахмалдау қоспасы:
    • 1 ас қасық крахмал;
    • 1 л су.

Крахмалдау барысы

Крахмалдаудың бұл түрлері үшін картоптан немесе жүгеріден жасалған крахмалды пайдаланған тиімді.

  • Желім жасау үшін крахмалды азғана суға езу керек;
  • алынған массаны қайнап жатқан суға бірте-бірте құйып, түйіршектері әбден езілгенше араластырады;
  • желім мөлдір әрі жабысқақ болу керек, егер желім мөлдір әрі жабысқақ болмаса, онда оны 3 минут (жүгері крахмалынан жасалынған желімді 5-6 минут) қайнатып алу қажет;
  • дайын болған желімді көк иіл қосылған салқын суға құйып, содан соң ерітіндіге кірді салып, крахмал бірдей сіңуі үшін жақсылап араластырады;
  • бұдан соң кірді сығып алып, жайып кептіреді.

Тюльден жасалған бұйымдарды арнайы рамаға керіп кептірген жөн. Кепкен бұйымдарға болар-болмас су бүркіп, біршама уақыттан соң сәл қызған үтікпен үтіктейді.

Қатты крахмалдау

Қатты крахмалдау - жаға, манжета, ерлердің сыртқы жейдесінің кеудесі т.б. крахмалдағанда қолданады.

  • Крахмалдау барысы
    • шикі картоп (крахмал сүті) пайдаланылады. 40-50г картоп (немесе жүгері крахмалы тіпті жақсы) крахмалға аз мөлшерде салқын су қосып, түйіртпектерін езіп 1 л суға салып, крахмал сүтін алғанша араластырады;
    • одан кейін 15 г бураны 1 стақан жылы суға ерітіп, ерітіндіні суытады да, бірте-бірте крахмал сүтіне құяды;
    • жақсылап араластырған соң 1-2 сағат демалдырып қойып, қайта араластыру керек;
    • жағаға крахмал жақсы сіңуі үшін оны қолмен әбден ысқылап, сығып, таза ақ матаға орап, 30-40 минут ұстау қажет;
    • содан кейін крахмал сіңген жағаны крахмалдың артығынан тазарту үшін ылғал шүберекпен сүртіп бірден үтіктеген дұрыс;
    • ерлердің сыртқы жейделерін әуелі крахмалдап алып, содан соң жағасы мен манжетін және кеудесін тағы крахмалдау қажет.

Пайдалы кеңестер

  • Бұйымдарды крахмалдау барысында крахмалдайтын заттарды көрсетілген нұсқауды қатаң қадағалай отырып пайдалану керек. Крахмалдауға пайдаланылатын түрлі препараттардың қолдану тәсілдері этикеткаларда немесе ораманың сыртында көрсетіледі.
  • Аэрозольдық құтыдағы препататтарды қолданғанда кірді алдын-ала дымдандырмай, препаратты таза, құрғақ бұйымның үстінен ылғал тартқанша бүрку қажет, содан соң қызуы 150° -тан жоғары емес үтікпен үтіктейді.
  • Мақта матадан жасалған қоңырқай өңді бұйымдарды картоп крахмалымен крахмалдауға болмайды, себебі үтіктеген соң оларда жолақтар мен дақтар пайда болады.
  • Крахмалданған бұйымдарды қатты аязда кептіруге болмайды, себебі мұндай да бұйымның беріктігі азайып, бетінде жабысқақ заттар пайда болады.
  • Крахмалдаған бұйымдарды үтіктей салысымен шкафқа салып тастауға болмайды, өйткені крахмал иісі шығып кетеді.

Дереккөздер

<references/>