Крайова университеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Крайова университеті (рум. Universitatea din Craiova) — Крайова румын қаласындағы мемлекеттік жоғары оқу орны.  

Тарихы

Ауыл шаруашылық жоғары оқу орны ретінде 1947 жылы ашылған. 1948 жылы оның базасында ауыл шаруашылық институты құрылды. 1951 жылы Техникалық институт, ал 1959 жылы педагогикалық институт ашылған.

1965 жылы Румыния үкіметінің шешімі бойынша Крайова университеті ашылды.

Қаланың бұрынғы әділет сарайында орналасқан, неоклассика стилінде салынған.

Факультеттер

Университет 16 факультет, 2 колледж және бірнеше зерттеу орталықтарын қамтиды:

  • Филологиялық факультет
  • Математика және жаратылыстану ғылымдары факультеті
  • Химия факультеті
  • Физика факультеті
  • Әлеуметтану ғылымдары факультеті
  • Дін ілімі факультеті
  • Дене шынықтыру және спорт факультеті
  • Ауыл шаруашылық факультеті
  • Бақ шаруашылығы 
  • Заң және әкімшілік ғылымдары 
  • Экономика және іскерлік басқару
  • Электротехника   
  • Электромеханика және инженерлік   автоматтандыру 
  • Компьютерлендіру және электроника

  * Инженерия және технологиялық жүйелердің менеджменті Халықаралық деңгейде «Университатя» футбол клубының арқасында белгілі, бірнеше рет Румыния чемпионы және Румыния Кубогының иегері атанған. 

Танымал түлектері

  • Брынзэ, Ана Мария
  • Вукобратович, Миомир
  • Георге, Тудор
  • Замфир, Кристина
  • Иероним II (архиепископ Афинский)

Сілтемелер