Кошевой шыңы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Кошевой – Іле Алатауының орталық бөлігіндегі Талғар – Алақыр тау сілеміндегі шың.
Географиялық орны
Алматы облысы Талғар ауданында орналасқан. Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасында. Абсолюттік биіктігі 4253 м.
Геологиялық құрылымы
Шың протерозой мен палеозойдың граниттерінен түзілген. Кошевойдың солтүстік-шығыс етегінде Дмитриев, солтүстік-батысында Городецкий, оңтүстігінде Сапожников мұздықтары жатыр. <ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>