Котяевка

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан

КотяевкаАтырау облысының Құрманғазы ауданындағы ауыл, Байда ауылдық округінің орталығы. Аудан орталығы – Ганюшкин ауылынан батысқа қарай 45 км жерде, Еділдің сол тармағы – Қиғаш өзенінің Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараны қиып өтетін тұсында орналасқан.

Іргесі 1870 жылы қаланды. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезінде балық аулау артелінің, 1957 жылдан бастап “Память Ильича” атты балық аулау ұжымшарының және Байда ауылдық кеңесінің орталығына айналды. 1997 жылдан бастап оның негізінде “Еділ” өнеркәсіптік кооперативі құрылды.

Халқы

Тұрғыны 1765 адам (2009).<ref>2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы. Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі.</ref>

Инфраструктурасы

Балық қабылдау пункті, орта мектеп, мәдениет үйі, емхана, байланыс бөлімі бар. Котяевка арқылы Атырау – Астрахан автомобиль жолы өтеді.<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Kz-geo-stub Үлгі:Құрманғазы ауданы елді мекендері