Костарикалықтар
Коста - Рикалықтар – Орталық Америкадағы Коста-Рика Республикасының халқы. Жалпы саны 2,98 млн. адам (1992) . Коста-Рикада 2,94 млн-ы тұрады. К.-Р-дың арғы тегі – аздап үндістер мен зәңгілер араласқан. 16 – 17 ғ-дағы испан қоныс аударушылары (креолдар). Антропол. жағынан Коста - Рикалықтардың 80%-ы еуропалықтар, 12%-ы еуропалықтар мен үндістердің араласуынан шыққандар, 3%-ы еуропалықтар мен зәңгілер араласуынан қалыптасқан мулаттар. Моңғол нәсілді үндістер – үш мыңдай ғана адам. Зәңгі нәсілділер–45 мың. Коста - Рикалықтар христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Жергілікті ерекшелігі бар испан тілінде сөйлейді. Негізгі кәсіптері – ауыл шаруашылығы .Кофе, какао, банан, ананас, темекі экспортқа шығарылады. Жүгері, күріш, қант қызылшасы мен бұршақ егеді. Балық ауланады. Қосалқы кәсіптері –мал шаруашылығы. Қалалы жерде тұратындары өнеркәсіпте, сауда-саттықта еңбек етеді. Әр алуан қолөнер бұйымдарын жасайды. Коста - Рикалықтардың рухани мәдениеті испан мәдениетіне жақын. Дәстүрлі ауыз әдебиеті, музыкасы мен би өнері дамыған.
Дереккөздер
Народы Америки , т. 2, М., 1959. “Қазақ Энциклопедиясы”, 11 - том