Костантино Ладзари
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Костантино Ладзари (1857 жыл, Мантуя - 1927 жыл, Рим) - итальян жұмысшы қозғалысының қайраткері.
Өмірі
1882 жылы Италия жұмысшы партиясын ұйымдастыруға белсене араласты. 1892 жылы Италия социалистік партиясының (ИСП) негізін қаласты. 1912-1919 жылдары ИСП-ның хатшысы. Циммервальд (1915) және Кинталь (1916) конференцияларына қатысты. Соғыстан кейін, Ладзари ИСП-ның Коммунистік интернационалға қосылуын жақтады. Фашизм билік еткен кезеңде антифашистік оппозицияға белсене қатысты.<ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975ж., 7 том </ref>
Дереккөздер
<references/>