Коррозияға қарсы қаптау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Антикоррозиялық қаптау - металл және металл емес бұйымдарды тотығудан т.б. химиялық зиянды әсерлерден қорғау үшін қолданылатын қаптау тәсілі. Ол бұйымды тотығудан қорғаумен қатар оның беріктігін, тозуға төзімділігін арттырады, оған әсемдік көрік береді<ref>ISO 12944-2. Лаки и краски - защита от коррозии стальных конструкций системами защитных покрытий. Часть 2. Классификация окружающей среды.</ref>.

Антикоррозиялық қаптау түрлері

Антикоррозиялық қаптау бөлінеді:

  1. металл қаптау
  2. металл емес бұйымдарды қаптау.

Металл қаптау

Металл қаптаудың екі түрі бар:

  1. анодты түрлері (мырыш және кадмий қолданылады)
  2. катодты түрлері (хром, никель және қалайы қолданылады).

Антикоррозиялық металл қаптау әдістері

Антикоррозиялық металл қаптау әдістері:

  1. Қыздыру әдісі. Қыздыру әдісінде - бұйым балқытылған қорғаныш металға малынады.
  2. Гальванотехникалық металдандыру әдісі. Гальванотехникалық қаптау - металдың тоқ әсерімен электролиттен бөлінуіне негізделген.
  3. Термодиффузиялық немесе түйістіріп қаптау. Термодиффузиялық қаптауда қорғаныш металл қыздырылған бұйым бетіне сіңдіріледі. Түйістіріп қаптау әсемдік үшін қолданылады. Металдандыру тәсілі арнаулы бүріккіш пистолетпен жүргізіледі.
  4. Плазмалы бүріккіш арқылы қаптау жолы. Плазмалы бүріккіш арқылы қаптауда ерітілген металл мен азотты деталь бетіне бүркіп отырады.
  5. Термомеханикалық әдісте қорғаныш металл ыстықтай прокаттау жолымен бұйымға пісіріледі; сым, болат қаңылтыр қаптауға және дюралюминийді плакировкалауға қолданылады.

Металл емес бұйымдарды қаптау

Металл емес бұйымдарды сырмен, бояумен, пластмассамен, резеңкемен, битуммен қаптайды.

Пластмасса ішінен Антикоррозиялық қаптау материалдарына полиэтилен, фторопласт, винипласт, нейлон, эпоксид, феноальдегид, бакелит смоласы жатады. Олар қышқылға, ылғалға төзімді болғандықтан электр сымдарын, кабельдерді қорғауға, гальваникалық ванна, әр түрлі ыдыстардың ішкі бетін қаптауға және химиялық өнеркәсібінде қолданылады.

Дереккөздер

<references/>

  • Акимов Г. В., Основы учения о коррозии и защите металлов, М., 1946
  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Сыртқы сілтемелер