Корифендықтар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Корифендықтар (Coryphaenidae) - алтын макрель, алабұға тұқымдастары теңіз сүйекті балықтары. Дене ұзындығы 70-тен 2 м дейін, салмағы 30 кг жетеді. Басы жалпақ, мандайлы. Арқа жүзу қанаттары басынан басталып құйрық жүзбеқанатына жетеді. Түсі ашық бояулы, арқасы көк-жасыл, бауыры күміс немесе алтын түсті; арқа жүзбеқанаты кою көк, құйрық жүзбеқанаты, сары. Қорегі, ұшқыш балықтар мен кальмарлар. 2 түрі бар, кіші корифен және үлкен корифен. Олар барлық мұхиттардың оңтүстік аймақтарының жоғарғы су тереңдігін мекендейді. ТМД кеңістігінің суларында үлкен корифен кездеседі. Ол Куриль аралдарының оңтүстігімен оңтүстік Приморье жағалауына Жетеді Кәсіпшілік балық түрі.<ref name=bi1>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Biosci-stub