Корженевский мұздығы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Корженевский – Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі аңғарлық мұздық. Шілік өзені алабындағы Оңтүстік Есік өзені бастауында. Мұздық белгілі орыс географы Н.Л. Корженевскийдің есімімен аталады.
Аумағы
Ұзындығы 11,7 км, жалпы ауданы 38,0 км2, көлемі 6,3 км3. Корженевский мұздығындағы қар жиегі 3950 м биіктікте, ал мұздық тілі жылжып 3270 м-ге дейін төмендеді. Мұздықтың орташа қалыңдығы 160 м-дей (ең қалың жері 300 м). Корженевский мұздығы жылдан-жылға еріп азаюда. <ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>