Копер
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Копер — шахта оқпанының үстіне орналасқан бағыттаушы дөңгелекті ұстап тұратын инженерлік құрылыс. Копердің станогіне көтерілетін жүктің ыдысын бағыттайтын бастауыш бекітіледі. Темірден жасалған бұл құрылыстың биіктігі 60 м дейін болады.<ref> Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. (Тау-кен ісі, кен байыту және металлургия салалары бойынша) Жалпы редакциясын басқарған Ә. Бектібаев. Алматы: Ғылым, 1999.ISBN5—628—00001—9 </ref>.
Дереккөздер
<references/>