Конъюнктива

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Конъюнктива - көз қабағының артқы осетін және көз алмасының қасаң қабыққа дейінгі алдыңғы бетін жауып тұрады. Қабақ конъюнктивасының көз алмасы конъюнктивасына өтетін жеріндегі иілген жерін конъюнктива күмбезі, ал күмбез ішіндегі саңлаулы қуысты конъюнктива қапшығы деп атайды. Көздің кілегейлі қабығын көпқабатты жалпақ мүйізделмейтін эпителий қаптап жатады.

Көз қабағының кілегейлі қабығында кілегей бөлетін құты (бокал) тәрізді бірклеткалы экзокриноциттер болады. Кілегейлі қабықтың эпителий қабаты астындағы өзіндік тақташада лимфоциттерді көптеп кездестіруге болады. Ал кейбір жануарлар, мысалы, күйіс қайтаратын жануарлар конъюнктива күмбезі аймағында эпителий асты лимфа түйіншелерінің бадамша тәрізді жиынтығы кездеседі.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Конъюнктива|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}