Контузия

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Контузия (лат. contusіo – соғылу) – организмнің патологиялық жағдайы. Денеге қатты соққы тиген кезде (негізінен, жарылыс әсерінен болатын ауаның соққы толқыны) организм толықтай не жеке органдар Контузияға шалдығады. Контузия кезінде орталық жүйке жүйесі зақымдануына байланысты организмнің жалпы жағдайында өзгеріс байқалуы мүмкін. Контузияға терідегі, жұмсақ тіндердегі ұсақ жүйке талшықтары, сондай-ақ, есіту, көру, сөйлеу органдары жиі шалдығады. Контузия бірнеше минуттан бірнеше сағатқа, кейде бірер күнге дейін созылуы, тіпті адамның комаға ұшырауы мүмкін. Контузияға шалдыққан адам есін жинағанда басы айналып, қатты ауырады, жүрегі айнып, құсады. Контузия салдарынан адамның мінез-құлқында көп өзгерістер болуы мүмкін, әсіресе, бас миының Контузиясында адамның жағдайы өте ауыр болады. Миға қан құйылып, ісініп, адам ұзақ уақыт есінен танып, сандырақтайды; 12 жұп жүйке тамырларының зақымдануынан адамның беті қисаюы, қабағының төмен түсуі, жұта алмауы байқалады. Контузияға ұшыраған адамға жедел медициналық жәрдем көрсетілуі қажет. Контузияның түріне қарай емдік дене шынықтыру, арнайы емдеу шаралары қолданылады. Егер науқас Контузиядан кейін сөйлей алмай қалса, логопедтің бақылауында болады.

Дереккөздер

"Қазақ Энциклопедиясы", 11 - том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Контузия|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}