Континенттік түзілімдер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Континенттік түзілімдер. Құрлықтар өңірінде, субаэральдық және субаквалдық жағдайлардың екеуінде де қалыптасатын барша түзілімдер (шөгінділер) жиынтығының атауы. Бұларға жерүсті фаунасы мен флорасының қазба қалдықтары тән, бірақ түзілім арасында олардың мүлдем болмауы да мүмкін. Нақтылы континенттік және нақтылы теңіздік түзілімдер аралығында түзілімдердің аралық түрлері, экстуарий түзілімдері және суасты- атыраулық түзілімдер дараланады. Қалыптасу динамикасына, астасу заңдылықтарына, құрылысына және фациялық өзгермелілігіне орай,континенттік түзілімдер бірнеше түрлерге бөлінеді. Континенттік түзілімдердің көпшілігі сынықты және сазды шөгінділерден құралады, органогендік және хемогендік түрлері сирек ұшырасады. Континенттік түзілімдердің көрнекті өкілдері — көлдік түзілімдер (карбонатты және галогендік шөгінділер, диатомиттер, сапропелдер, бұршақ тұрқылы теміртастар және бокситтер). Континенттік түзілімдер литологиясының ерекшеліктері және олардың құрылыс өзгешеліктері осы түзілімдер қалыптасуы уақытының климатына және тектоникалық- геоморфологиялық жағдайына тәуелді.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}