Конституциялық (құрылымдық) су
Конституциялық (қүрылымдық) су — минералдардың кристалдық торына ОН— Н+, Н30+ иондары түрінде кіретін су. Сондықтан судың өзі минерал 400°С-тан аса температурада толық ыдырағаннан кейін ғана бөлініп шығады. Конституциялық су бар минералдар жер қыртысында жоғары қысым жағдайында пайда болған. Олардың қатарына диаспор (АӀО . ОН), мусковит К Аl2 ■ I Аl Sі3,О10| [ОН]2, және т.б. минералдар жатады. Конституциялық суды көбінесе химиялык байланысқан, ал гигроскоптық және жарғақ суды физикалық байланысқан су деп атайды.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref> минералдардың кристалдық торына сутек пен гидроксильдің бір-бірінен ажыраған иондары түрінде кіреді. Бұл су минералдардан олар толық химиялык ыдыраған кезде ғана бөлінеді.<ref>Байбатша Ә.Б.Жалпы геология (Жер динамикасы): Оқулық.Алматы: ҚазҰТУ. -364 б. Сурет- 132. Кесте-30. Әдебиеттер тізімі 15 атay. ISBN 987-601-228-001-2</ref>
Дереккөздер
<references/> География