Констан Бенжамен

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Констан Бенжамен (1767- 1830) - "Конституциялық саясат курсы" еңбегінің авторы. Бұл жинаққа мемлекет туралы либералдық көзқарастарын жүйелі түрде жинақтады. Бірақ "Курс" автор қайтыс болған соң ғана жарық көрді. Констан Бенжамен ілімінің негізгі қағидасы - жеке адамның еркіндігі мәселесі. Жаңа заман мен антикалық кезеңнің адамдарының еркіндігін салыстырады. Жаңа кеpең адамының еркіндігі: жеке тәуелсіздік, өзінің жекелігі, мемлекетті басқаруға ықпал ету құқы. Тәжірибе жүзінде Бенжамен Констан бірінші кезекке адамның қаржылық және рухани автономдығын, оның заңмен сенімді қорғалуын қояды. Мінеки, осы құндылықтарға мемлекеттің мақсаты мен құрылымы бағынуы керек. Саяси өмірді ұйымдастыруда мемлекет институттары жеке адамның еркіндігі, жеке тұлғаның құқы негізінде құрылуы керек. Адамдар тек еркін болғанда өмірде өздерін ерекше және ақылды көрсете алады. Констан Бенжамен конституциялық монархияны қолдады. Биліктің үш тармағынан тәуелсіз болғандықтан конституциялық монархия олардың бірлігін, дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ете алады деген сенімде болды.

<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Констан Бенжамен|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}