Константин Борисович Лебедев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Лебедев Константин Борисович (15.1.1927, Ресей, Екатеринбург қ. — 9.5.1992, Алматы) — ғалым, техникалық ғылыми докторы (1971), профессор (1985). Қазақ политехникалық университетін (қазіргі Қаз ҰТУ) бітірген (1948). 1948 — 68 ж. Балқаш кен-металлургия комбинатында, Қазақстан ҰА-ның Металлургия және кен байыту инcтитутында, 1968 жылдан өмірінің соңына дейін “Казмеханобр” институтында жұмыс істеді. Негізгі ғылыми еңбектері сирек металдар (молибден мен рений) гидрометаллургиясының физика-химия негіздерін жасауға арналған. Лебедев АН-21 П мен АН-2116 маркалы ионалмастырғыш шайырлар және активтелген көмірлерді пайдаланып, Балқаш кен-металлургия комбинатындағы молибден өндірісінде шайылмалы күкірт қышқылы мен өзекті (маточный) ерітіндіден рений бөліп алудың сорбция технологиясын енгізді (КСРО Министрлер Кеңесі сыйл., 1984); Зырянов қорғасын комб-нда оның қатысуымен құрамында цианы бар ақаба суларды тазартудың ерекше сорбция-ион алмасу технологиясы КСРО-да алғаш рет енгізілді. “КСРО өнертапқышы” белгісінің иегері. Лебедев 300-ден астам ғыл. еңбектің, соның ішінде 5 монографияның авторы. 23 авторлық куәлік алған. Медальдармен марапатталған.

Пайдаланған әдебиет

Қазақ ұлттық энциклопедиясы

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Константин Борисович Лебедев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}