Константин Аристархович Большаков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Константин Аристархович Большаков – орыс ақыны, прозаик. <ref>http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%BE%D0%BD%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D1%82%D0%B8%D0%BD_%D0%90%D1%80%D0%B8%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%80%D1%85%D0%BE%D0%B2%D0%B8%D1%87_%D0%91%D0%BE%D0%BB%D1%8C%D1%88%D0%B0%D0%BA%D0%BE%D0%B2</ref>

Өмірі

1895 жылы 26 мамырда Мәскеу қаласында дүниеге келген. 14-15 жасқа келгенде өлеңге деген шабыты ояна бастаған. Осы жасында орыс ақыны Валерий Брюсовпен танысады. 1911 жылы гимназияда оқып жүріп алғашқы кітабы – өлеңдер мен проза жинағы «Мозаиканы» жарыққа шығарады.

1913 жылы 7-Мәскеу гимназиясын бітірген соң, Константин Мәскеу Университетінің заң факультетіне түседі. 1914 жылы аталмыш университетті тастап, Николай кавалеристік училищеге түседі. Оны тәмамдаған соң, Большаков армияға шақыртылады.

Қызметі

Әскери қызметте 7 жыл бойы жүрген кезінде шығармаларын газет беттеріне және жинақтарда басылымға беріп отырады. 1918 жылы ол Қызыл Армияда шайқасқа қатысады. Азамат соғысы кезінде Севастопольде әскери комендант қызметін атқарады.

Еңбектері

Бірнеше роман мен повесть жазған. Соның ішінде тарихи роман «Бегство пленных, или История страданий и гибели поручика Тенгинского пехотного полка Михаила Лермонтова» және автобиографиялық роман «Маршал сто пятого дня». Константин Большаков Совет жазушыларының кеңесінің мүшесі болған. 15 қыркүйек күні Большаков тұтқындалған.

Жарты жыл өткен соң, 1938 жылы 21 сәуірде бір топ жазушылар мен ақындарды ату жазасына кеседі, оның ішінде Большаков та бар болған.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}