Конглютинин
Конглютинин — қан торшалары мен бактерияларды бір-біріне желімдейтін қабілеті бар зат.
Конглютинин антиген бола алмайды. Конглютинин ретінде кейбір химиялык зат- тарды (гуммиарабик, макродекс, декстран, альбумин, пектин) және жануарлардың (ірі қара мал, жылқы, қоян, теңіз шошқасы) қан сарысулары қолданылады.<ref>Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. ISBN 5-630-0283-X</ref>
Конглютинин Са2+ иондарының қатынасуымен үшінші компоненттің углеводтарымен байланысып, комплементпен қапталған бөлшектердің түйіршіктерін құрайды. Ірі қара және жылқы қанында конглютинин мөлшері өте жоғары. Сондықтанда ол конглютинация реакциясында антиген-антидене комплексімен жанасатын комплементті анықтауға қолданылады. Бұл раекция арқылы маңқа және бруцелез аурулары анықталады.<ref name=bi1>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3</ref>
Дереккөздер
<references/>