Комсомол бөгені
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Комсомол бөгені, Үлкен Құндызды өзенінде, Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы Комсомол ауылынан солтүстікке қарай 1 км жерде салынған. 1959 жылы пайдалануға берілді. Аумағы 0,4 км². Ұзындығы 900 м, ені 550 м-ге дейін, тереңдігі 10 м-ге жетеді. Топырақ бөгеттің ұзындығы 323 м, ең биік жері 12 м. Бөгеннің көлемі 1,1 млн. м3, жалпы су ағымы 38 м³/с. Қараша айында суы қатып, сәуір айында ериді. Комсомол ауылының жерін суландыруға пайдаланады. Суында шортан, алабұға, шабақ, тағы басқа кездеседі.
<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>