Компьютерлік жабдықтама
Үлгі:Wikify Компьютерлік жабдықтама - бұл санатқа компьютерге жалғанған және оның процессоры арқылы басқарылатын барлық құрылғылар жатады.
Бұлар компьютер жасап шығарылған кезде оған жалғанған жабдық болуы немесе кейін үстелген периферия құрылғылар болуы мүмкін. Төменде мысал ретінде кейбір құрылғылар келтірілген:
- Монитор
- Тінтуір
- Модем
- Дискіенгізгі
- Ықшам дискілерге арналған дискіенгізгі
- DVD-дискілерге арналған дискіенгізгі
- Принтер
- Пернетақта
- Желілік бейімдеуіш
- Бейне бейімдеуіш тақтасы
- Ойын контроллері
Құрылғыларды компьютерге түрлі тәсілмен жалғауға болады. Кейбір құрылғылар, мысалы, желілік бейімдеуіштер мен дыбыстауыш тақталар компьютердің ішіндегі кеңейтім ұяларына жалғанады. Басқа құрылғылар, мысалы, басып шығарғыштар мен мәтіналғылар компьютердің сыртқы порттарына жалғанады.
Құрылғы Windows жүйесінде дұрыс жұмыс істеу үшін компьютерде құрылғы драйвері деп аталатын бағдарламалық жасақтама орнатылуға тиіс. Әр құрылғының жұмысы әдетте құрылғы өндіруші жеткізетін бір немесе бірнеше драйвер арқылы қамтамасыз етіледі. Кейбір драйверлер Windows жинағына кіреді. Бұл – Windows жүйесі құрылғылардың қажетті драйверлерін өздіктік түрде анықтап, орнатады деген сөз.
Егер құрылғы өздіктік түрде орнатылмаса, жаңа жабдық орнату шебері іске қосылады да, құрылғының жеткізілім жинағына кіретін ықшам дискіні немесе алмалы дискіні дискіенгізгіге кірістіруді ұсынады. Егер драйверлерді таба алмасаңыз, құрылғы өндірушіге хабарласыңыз.