Комплементация
Комплементация — аралас зақымданған торшаларда екі вирустың гендік туындыларының бір-бірімен қарым-қатынасы. Бұл жағдай олардың біреуінің не екеуінің де өсіп-өнуін жақсартады, өйткені олар (мутанттар) бір-бірімен өзінде жоқ немесе ақау ақуыздармен алмасады. Бұл біреуінің немесе екі мутанттық аралас зақымданған торшаларда өсуіне мүмкіндік береді, ал мутанттың өзі өз бетінше өсе алмайды.<ref name=bi1>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3</ref>
Комплементацияның бірнеше түрлері бар: Аллельдік (ген ішіндегі) комплементация — ақаулықтары белгілі бір ақуыз бойынша, бірақ әртүрлі домендерінде генді туындылардың қарым-қатынасқа түсуінің арқасында мутанттар көп қасиетті ақау ақуыз түзеді. Бұл жағдайда бір вирустың ақау доменін екінші вирустың сау доменіне алмастырады. Аллельдік емес (генаралық) комплементация — әртүрлі функциясына байланысты ақау мутанттардың бір-бірінің өсіп-енуіне кемектесуі. Аллельдік емес комплементация гендер санын анықтау үшін қолданылады. Ол үшін мутанттарды комплементациялық топтарға бөледі. Ассиметриялы комплементация — келесі тұқымда бір-ақ түрлі вирус; құратын комплементация. Ол полиомиелит вирустарының арасында болады.<ref>Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. ISBN 5-630-0283-X</ref>
Дереккөздер
<references/>