Компилятор
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сурет:Compiler.svg
400px
- 2) жоғарғы деңгейлі тілде „жазылған программаны машиналық кодқа түрлендіруші аударғыш. Бұл сөз "compile" етістігінен құрылған, ”құрастыру” деген мағына береді. Бұл етістіктің компьютерлік мағынасы «машиналық кодқа аудару, ал жалпы тілдік мағынасы — "материал жинау, есеп-қисап, анықтама даярлау";
- 3) барлық программаларды олардың орындалуынсыз машиналық командаға аударатын аударғыш. Компилятордың жұмыс істеуінің нөтижесінде орындалуға дайын емес жеке модульдер даярланады. Программаның орындалуы үшін бірнеше объектілік модулдер катынасатын жүкте- мелік (орындалатын) модуль қүру қажет;
- 4) программалық модуддерді құрастыруды орындайтын программа-аударғыш. Компилятордың түсіндіргіштен айырмашылығы — жоғарғы деңгейлі программалау тіліндегі программаны машиналық тілдегі программаға немесе машиналық тілге жуық программаға түрлендіреді, бірақ оның орындалуына қатыспайды.Компилятордың кірісіне түскен алғашқы модуль компиляциядан кейін объектілік модулге түрленеді. Компилятор программалау жүйесінің ажырамас бөлігі.
Компилятордың түрлері:
- алғашқы программаның әрбір жеке операторын тізбектік тәуелсіз құрастыруды жүзеге асыратын түсініктеме беруші компилятор;
- объектілік программаның тиімділігін арттыратын оңтайландырушы компилятор; мысалы, циклдар қайталанған кезде өрекетгің нәтижесі өзгермейтін командаларды цикддан шығару;
- пайдаланушыға программаны жөндеуді жеңілдететін жөндеуіш компилятор.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Информатика және компьютерлік техника/ Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдаламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов.
– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>
Дереккөздер
<references/>