Комаров алтын кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Комаров алтын кен орны - Қостанай облысы Жітіқара ауданы, Жітіқара қаласынан 10–15 км жерде орналасқан. 1969 жылы ашылды.


Іздеу және бағалау жұмыстары 1986–1993 жылдары тереңдігі 200–300 м-лік ұңғымаларда штректік тікқазбада 40 м-лік горизонтта індетпе жүргізу арқылы анықталған.

Геологиялық құрылымы

Геологиялық құрылымы Шығыс Орал сырты көтеріліміндегі Комаров антиклиналінің солтүстік бөлігінде жоғарғы протерозойдан тас көмірге дейінгі жанартаутекті-шөгінді метаморфты құрылымдардан түзілген. Кейбір тұстарында палеозойдың интрузиялары және ультранегізден қышқыл құрамға дейінгі сығылмалары кездеседі.

Жатыс сипаты

Белдеш шегінде кен денесі меридиандық бағытқа таяу ені 250–300 м, ұзындығы 4 км-ге жуық, құлау бұрышы 30–50° болып созылып жатыр. Кендену сипаты бірдей емес. Алтынның 1 т-дағы мөлшері 0,3-тен 20 г-ға дейін және одан да көп, орташа мөлшері 6–7 г. Кен денесінің нақты қалыңдығы 1,0–1,5 м, орташа қалыңдығы 2–3 м. Кентастағы алтын жұқа дисперсті (0,1 мм), ондағы еркін алтынның мөлшері 30%-ға дейін жетеді. Зиянды қоспалары жоқ. Кентасты тікелей циандау кезінде 95–97%, ал флотациялық тәсілмен 75–80% алтынды алуға болады. 250 м-лік тереңдікке дейінгі (1 т. кентастағы алтынның орташа мөлшері 6,3 г-ға тең) алтынның қоры 35-40 т деп бағаланып отыр. Кен орнын одан әрі барлап, нобайын анықтаған жағдайда алтынның қорын 1,5 есеге дейін ұлғайтуға болады.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер