Кольпит

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кольпитқынаптың шырышты қабатының қабынуы. Бұл репродуктивті жастағы әйел, қыздардағы ең жиі кездесетін қабыну ауруларының бірі.

Клиникалық көрінісі:

Аурудың жедел сатысында науқас қынаптағы қышу, ашыту, жыныс жолдарынан іріңді-серозды бөліністердің бөлінуіне, сонымен қатар жыныстық қатынас кезінде қынаптағы ауырсыну сезіміне (диспареуния) шағымданады. Гинекологиялық зерттеу кезінде қынаптың гиперемияланып қызаруын, бір затты тигізгенде қанап, іріңді бөліністерімен болатыны көрінеді. Дерттің ауыр түрінде шырышты қабаттың эрозиясы және жарасы (язва) пайда болады.

Ауру созылмалы түріне өткенде қышу және ашу сезімдері аса мазаламай, науқасты тек периодты түрде қынаптан бөлінетін іріңді -серозды бөліністер ғана мазалайды. Кольпиттің диагностикасы үшін кольпоскопия арқылы зерттеу кезінде қабынудың белгілерін көреміз.

Емі:

Кольпит емі комплексті түрде өту керек. Бір жағынан ем инфекцияға қарсы бағытталған болса, екінші жағынан қосымша аурулармен күресу болу керек. Негізгі орынды инфекцияға қарсы антибиотиктер тағайындау.

Қынапты диоксидин, хлоргексидин ертінділерімен шаю күніне 2-3 реттен артық емес жүргізілуі керек. Ұзақ уақыт (3-4 күннен көп) шаю қынаптағы қалыпты микрофлораға кері әсерін тигізетінін ұмытпау керек. Антибиотик терді жергілікті вагинальді таблетка, жақпамай, гель түрінде қолданылады. Қазіргі уақытта кольпитті емдеуде кең қолданыс тапқан кең спекртлі әсер көрсететін (антимикробтық, саңырауқұлаққа қарсы) -тержинан, полижинакс, нео-пентран, макрирор секілді препараттар қолданылады. Антибактериалді емнен кейін қынап қалыпты микрофлорасын қалыптастырып, қалпына келтіру үшін эубиотиктер тағайындалады. Оларға: бифидумбактерин, лактобактерин, жлемик жатады.

Дереккөздер

<references/> 1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том