Колорадо үстірті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Колорадо үстірті (Colorado) – Солтүстік Америка Кордильерасындағы үстірт. Батысы Үлкен Алап, шығысы мен солтстік-шығысы Сеңгір таулар, оңтүстігі Мексика таулы қыратының ішкі аймағы аралығында орналасқан. Ауданы 300 мың км². Көп жерінің биіктігі 1800 – 2500 м, ең биік жері – Хамфрис-Пик тауы – 3861 м. Кембрийге дейінгі кристалл жыныстардан және төменгі палеозойдың антропогенге дейінгі шөгінді қабаттарынан түзілген. Үстірт Колорадо өзенінің көптеген каньондарымен (Үлкен Каньон) және оның салаларымен тілімделген. Климаты субтропиктік, кей жерде континенттік. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200 – 500 мм. Қуаң дала өсімдігімен аралас қарағай, арша, қараған бұталары өседі. Мұнда өте ірі Колорадо-Планто уран кен орны шоғырланған.

Дереккөздер

<references/>Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Колорадо үстірті|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}