Колонкалы құбыр

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Колонкалы құбырұңғыны сақиналы үңгубетпен (кольцевой забой) бұрғылау барысында бұрғы снарядтарын бағыттау және кернді қабылдауға арналған болат құбыр. Колонкалы құбыр бір ұшымен ұластырғыш (переходник) арқылы бұрғы снарядіне, екінші ұшымен коронкаға немесе кеңейткішке (расширитель) қосылады. Колонкалы құбыр ұзындығы 0,5; 1,5; 3 м. Колонкалы құбыр керн және бұрғы снарядымен мезгіл-мезгіл ұңғыдан алынып керннен босатылып отырады.<ref> Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. (Тау-кен ісі, кен байыту және металлургия салалары бойынша) Жалпы редакциясын басқарған Ә. Бектібаев. Алматы: Ғылым, 1999.ISBN5—628—00001—9 </ref>.

Дереккөздер

<references/>