Коллаж

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Коллаж (франц. collage – жапсыру, желімдеу) – 1) бейнелеу өнеріндегі техникалық әдіс, кубизм, футуризм суретшілерінің шығармашылық ізденісі кезінде пайда болған бейнелеу өнерінің бір тәсілі. Бұл өнер ағымдары суретшілері қиялына байланысты кез келген өзіне ұнаған заттарды кескіндемесіне пайдаланған. Мысалы, суретшілер түрлі матаның, қағаз, газеттің қиындыларын, әйнек, түйме, фольга, ағаш қалдықтарын, т.б. пайдаланып (жапсырып, желімдеп), шығармшылық жетістіктерге жеткен. Кейіннен Коллаж көркемдеу-безендіру саласында қолданылатын болды. Сонымен қатар Коллаж балалар шығармашылығында кең қолдау тапқан өнерге айналды. Олардың ой-өрісінің шыңдалуына үлкен әсер етті. Коллажды алғаш дамытқандардың ішінде суретші Пикассоның үлесі зор болды; 2) 20 ғсырда музыкада орын алған тәсілді – шығармаға өзге композиторлар туындыларынан стильдік тұрғыда бөтен фрагменттерді енгізуді де Коллаж деп атайды; 3) полиграфиялық безендіру ісінде әр түрлі фотосуреттерді біріктіріп, қажетті мазмұндағы әсерлі сурет жасау тәсілі.

Дереккөздер

<references/>Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Коллаж|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}