Колиентерит
Колиентерит — аш ішектің шырышты қабатының қабатының қабынуымен сипатталатын жалпы инфекциялық ауру. Бұл аурумен көбінесе емшек жасындағы балалар, әсіресе шала туған және қолдан тамақтандырылатын балалар ауырады. Қоздырғышы — ішек таяқшасының О26, О66, О111 штаммдары.
Мазмұны
Эпидемиологиясы
- Ауру көзі-ауру адам-және қоздырғыш тасымалдаушы.
- Таралу жолы-қарым-қатынас(су, тамақ, ойыншықтар, ыдыс-аяқ, лас қол, шыбын-шіркейлер арқылы).
- Сезімталдық-1 жасқа дейінгі балалар.
- Маусымдылық-жыл бойы.
- Иммунитет-тұрақсыз, микробтың әр шаммына бөлек.
Клиникалық белгілері
Жасырын кезеңі 1-22 күнге созылады, орта есеппен 3-6 күн. Ауру жедел басталып дене қызуы көтеріледі, улану белгілері пайда болады, баланың көңіл-күйі бұзылып, тамаққа тәбеті төмендейді, жүрегі айнып құсады, жылап мазасызданады. Баланың іші күніне 5-20 рет сұйық сары, кейде көк-жасыл түсті шырышы аралас көбіктеніп өтеді. Ауыр түрлерінде эксикоз және токсикоз дамиды. Диагноз қою дизентерияда сияқты.
Емдеу
Ішектің инфекциялық ауруларын емдеу принциптері. Ауырған балалар ауруханада емделеді.
- Оларға төсек режимі, тыныштық тағайындалады.
- Диета-10-12 сағат тамақ бермей, әртүрлі сұйық сусындарды молынан ішкізу керек: қайнаған су, шай, физиологиялық және Рингер ерітінділері, суға пісірілген күріш, ұсақ жармадан жасалынған ботқалар беруге болады, сонан кейін баланың жасына сәйкес тамақ беріледі.
- Антибактериальды терапия-левомицетин, канамицин, полимиксин, гентамицин, ампициллин т.б. Сульфаниламид препараттары-сульгин, фталазол, фуразолидон т.б.
- Эксикоз және токсикозға қарсы баланың көк тамырына әр түрлі ерітінділер құйылады: 5% глюкоза ерітіндісі, физиологиялық және Рингер ерітінділері, полигюкин т.б. Сонымен қатар сусындар көп мөлшерде ішкізіледі.
- Ас қорытуды көтеру үшін әртүрлі ферменттік препараттар:фестал, панзинорм, мексаза және т.б. беріледі.
- Витаминдер комплексі.
- Биологиялық препараттар: лактобактерин, колибактерин, бифидумбактериндер.
- Симптомдық терапия.
Күтімі
- Палатаны жиі желдетіп тазалық сақттау.
- Әрбір үлкен дәреттен кейін ішек аузын жылы сумен жуып, құрғатып, стерильденген сұйық маймен майлау.
- Сұйықтықты жеткілікті ішкізу.
- Ауру ошағында эпидемияға қарсы шараларды өткізу.
Ішек инфекциялық ауруларының алдын алу.
- Ауру адамды оңашалау.
- СЭС-ке №58 форма бойынша хабар беру.
- Ауру адаммен қарым-қатынаста болған адамдардың денеқызуын,дәретін 7 күн тексеру, клиникалық бақылау өткізу, үлкен дәретін бактериологиялық анализге тексеру.
- Ауру ошағында дезинфекция жүргізу.
- Санитарлық-ағарту жұмысын жүргізу.
- Балаларды тазалық сақтауға баулу, шыбындармен күресу.
- Бала бақша, балалар үйі, тамақ өнеркәсіптерінің жұмысшыларын уақтылы тексеріп тұру.