Кокцидий отряды

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Coccidia.JPG
Кокцидий отряды

Кокцидий отряды(Үлгі:Lang-la- отрядтың ең маңызды өкілі токсоплазма.

Токсоплазма

Токсоплазма- Toxoplazma gondi- адамның және жануарлардың токсоплазмоз ауруын тудырушы, кең таралған паразит. Токсоплазма адам ағзасының әртүрлі мүшелерінде- бас миында, скелет және жүрек бұлшықеттерінде, көз ұлпасында, өкпеде, жатыр қабырғасында және ұрық қабықшаларында кездеседі. Токсоплазма барлық жерлерде таралған.

Морфофизиологиялық ерекшеліктері

Токсоплазма мерозоит сатысында апельсин жемісінің бір бөліміне немесе жарты айға ұқсас болады; оның өлшемі- ұзындығы 4-7мкм, ені -2-4мкм. Оның алдыңғы жағы қысыңқы, ал артқы жағы кең және домалақтанып келген. Денесінің алдыңғы жағында конус тәрізді құрылым- коноид болады. Оның қабырғасында ширатылған фибриллдар кездеседі. Коноид паразиттің қожайын денесіне енуі кезінде тірек қызметін атқарады деп есептелінеді. Коноидтан кейін токсоплазма денесінің артына қарай бірте бірте кеңейген қалта тәрізді оргоноид- роптрий бастама алады. Роптрийда паразиттің жасушаға енуін жеңілдететін заттар болады. Роптий айналасында, дененің аалдыңғы жағында, онымен байланысқан және ирелеңдеген жіпшелер микронемалар кездеседі. Аталған оргоноидтар мен қатар токсоплазмада басқа да жасуша оргоноидтары болады. Дене сыртын 3 қабат мембранадан тұратын пелликула қаптап тұрады, оның астындағы түтік тәрізді фибриллдар жүйесі орналасқан. Пелликуламен фибриллдар жүйесі паразиттің сыртқы қаңқасы болып табылады.

Тіршілік циклі

Түпкілікті қожайыны болып мысық, аралық қожайыны құстар, сүтқоректілер және адамдар саналады. Аралық қожайын ішегінде спорозоиттары бар ооциста енеді. Спорозоидтар ооцистадан босанып шығып ішектің эпителий жасушаларына енеді және көбейе бастайды. Оның қайта қайта көбеюі нәтижесінде қожайын денесінде паразит саны еселеп өседі. Олар жалпы бір қабықшамен қапталып цистаға айналады. Циста түпкілікті қожайын денесіне өтсе ондағы спорозоидтар домалақтанып шизонтқа айналады. Ол шизогоний жолымен көбейеді. Осының нәтижесінде көптеген талшық тәрізді мерозоидтар түзіледі. Мерозоидтар ішек қуысына өтіп жаңа жасушаларға енеді де қайтадан шизонтқа айналып көбейеді. Бірнеше дүркін жынссыз көбеюден кейін жыныстық көбею басталады. Ол үшін кейбір мерозоидтар жасушаға еніп жетілмеген жыныстық формаларға- микромакрогаметациттерге айналады. Микрогаметоциттерден 2 жіпше тәрізді қос талшықты сперматозоидтар көбейеді, ал макрогаметациттер ұлғайып макрогаметаларға айналады. Ұрықтанғаннан кейін зигота 2 қабат қабықшамен қапталып ооцистаға ұласады. Ооцистада спорогония басталып әрқайсысында 4 спорозоидттар ыбар 2 спора түзіледі. Ооцисталар аралық қожайын үшін де, түпкілікті қожайын үшін де, инвазиялық сатысы болып табылады.

Патогендік әсері

Оның клиникалық белгілері түрліше болып келеді. Әдетте нерв, жыныс, лимфа жүйелері, көру мүшелері зақымдалады.

Алдын алу шаралары

Үй жануарларын бағып қаққанда жеке гигиенаны сақтау қажет.

Дереккөздер

<references/>

  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
  • "Медициналық биология және генетика"/Бас редактор С.А.Әбилаева, Е.О.Қуандықова- Алматы-Шымкент, 2004

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Кокцидий отряды|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}