Кодтау
Кодтау (кодирование; coding; кодировать; encode) — мәліметтерді олардың алдын ала тағайындадған кодтық комбинацияларымен бейнелеу немесе мәліметтер элементін (символдар жиынын) олардың кодтық комбинацияларымен сәйкес келтіру; программалау процесі; 2) ақпараттың 8 биттік (байттық) кодтауын 7 биттік кодтауға түрлендіру. Мұндай түрлендірудің қажеттілігі кейбір желілік программалардың мәліметтерді тек 7 биттік кодтауда жеткізе алатындығынан туындайды. Байттық мәліметгерді осындай арналармен тікелей жеткізу ақпараттың бұрмалануына жол береді; 3) белгілі бір ереже бойынша дискреттік хабарды дискреттік сигнал түріне түрлендіру (аудармалау), яғни шарттаңбаларды қолдану.
Мазмұны
Кодтау бланкі
Кодтау бланкі (программаны жазуға арналған бланк, стандартты бланк) (бланк кодирования (бланк для записи программы, стандартный бланк); doding (program) sheet) — алғашқы мәліметтер мен алғашқы программаның операторларын (командаларын) компьютерге енгізу мақсатымен оларды тізбектік жазуға арналған бланк. Бланкіге ақпарат жазу берілген тілде қарастырылған ереже бойынша орындалады.
Кодтау жүйесі
Кодтау жүйесі (система кодирования; system of coding) — 1) объектілерді кодтармен бейнелеу ережелерінің жиыны; 2) кодтау ережесі мен символдар жиынтығы; код. Кодтаудың дескрипторлық тәсілі (дескрипторный способ кодирования; descriptor way of coding) — алдын ала жасалған тізімнен, топтастырғыштар мен сөздіктерден тандалған белгілерді объектіге қосып жазу (телу) ==Кодты оңтайландыру==. Кодты оңтайландыру (оптимизация кода) — кодты генерациялау кезеңінде немесе осы кезеңнен кейін программаны транслятормен автоматтық машинаға тәуелді оңтайландыру.
Кодтық парақ
Кодтық саңылау
Кодтық саңылау (кодовое отверстие; code hole) — перфокартадағы кодтық тесу.
Кодтық таңба
Кодтық таңба (кодовый знак; code character) — берілген кодта пайдаланылатын алфавит таңбасы.
Кодтың артықтығы
Кодтың артықтығы (кодтық артықтық) (избыточность кода (кодовая избыточность); code redundancy) — кодтык комбинациялардың кейбір бөлігі пайдаланылмай қалатын кодтың қасиеті.