Ковалевский Александр Онуфриевич

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ковалевский Александр Онуфриевич (7(19).1840, Витебск губ., Шустянцы с., қазіргі Латвияда – 9(22). 11.1901, Санкт-Петербург) – орыс биологы, эволюциялық эмбриология мен физиологияның негізін салушы. Санкт-Петербург Ғылым Aкадемиясының академигі (1890). Санкт-Петербург университетін бітірген (1863), осы университетте магистрлік (1869) және докторлық диссертация қорғаған (1867). Қазан (1868), Киев (1869), Одесса (1874), және Санкт-Петербург (1891 – 94) университеттерінде профессор, Севастополь биологиялық станциясының директоры (18921901) болған. Ковалевский төм. сатыдағы омыртқалылар (ланцетник) мен омыртқасыздардың (асцидия, құрт, буынаяқтылар, т.б.) эмбрионалдық дамуының ортақ заңдылықтарын анықтап, омыртқасыздардың “ұрық қатпаршағы” (дамып келе жатқан жұмыртқаның бөлшектенуі нәтижесінде түзілетін клеткалар қабаты) ілімін дамытты. Сондай-ақ, омыртқасыздардың зәр шығару жүйесінің құрылысы мен қызметін зерттеп, сол жануарлардың клеткалық органдары мен оның жәндіктер метаморфозы (дамудың бір сатысынан екінші сатысына кенет өзгеруі) кезіндегі рөлін анықтады.

Дереккөздер

<references/>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ковалевский Александр Онуфриевич|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}