КОБАЛЬТ КЕНТАСТАРЫ– құрамында экономикалық тұрғыдан тиімді мөлшерде кобальты бар, өндірістік игеруге жарамды табиғи минералдық шикізат. Табиғатта кобальт құрамды 130-дан астам минерал белгілі.
Кобальт кентастарын минералдық және химиялық құрамына қарай күшәланы (мышьякты), күкіртті және тотыққан деп үшке бөледі. Күшәланы Кобальт кентастарының басты минералдары: арсенидтер мен
сульфоарсенидтер.
Aрсенидтерге скуттерудит (20%-ға дейін Co); шмальтин-хлоантит (1 – 20% Co), саффлорит-леллингит (23 – 28%-ға дейін Co), раммельсбергит, ал сульфоарсенидтерге кобальтин-герсдорфит пен глаукодот-арсенопирит қатарларының минералдары жатады. Қосымша құраушылары Cu, Au, Ag, Bі, U.
Күкіртті Кобальт кентастары кешенді типке жатады. Олар магмалық кобальт құрамды мыс-никельді кентастар және скарндық, магнетитті, гидротермальды мысты, күкіртті-колчеданды кентастар болып бөлінеді.
Мыс-никельді кентастарда басты минерал
пентландит (3%-ға дейін Co), басқаларында басты минерал пирит. Тотыққан Кобальт кентастары да кешенді кентастар қатарына жатады. Олардың ішінде кобальт құрамды
никельді кен орындарының кентасы (0,03 – 0,1% Co) және
сульфидті кобальт-мысты кен орындарындағы тотығу белдемдерінің кентастары (0,1 – 0,2% Co) ажыратылады. Қазақстанда Кобальт кентастары Кемпірсай кобальт-никель кен орындар тобында (Ақтөбе облысы) игерілуде.
<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>
Үлгі:WikifyҮлгі:Stub