Клеменс Венцель Лотар Меттерних

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Prince Metternich by Lawrence.jpeg
Клеменс Венцель Лотар Меттерних

Клеменс Венцель Лотар Меттерних (1773 жыл 15 мамыр, Кобленц - 1859 жыл 11 маусым, Вена) - князь, Австрия мемлекет қайраткері жәні дипломат.

Саяси өмірі

1801 жылдан жоғары мемлекеттік қызметтер атқарды. 1821-1848 жылдары канцлер. 1814-1815 жылдардағы Вена конгресінде үлкен рөл атқарды. Реакциялық Қасиетті одақтың негізін салушылардың бірі. Ол бүкіл дүние жүзінде революция және ұлт-азаттық қозғалысын басуға ұмтылды. Жер иеленуші феодалдардың мүддесін көздеген Меттерних үкіметі әр түрлі айла-шарғылармен Австрия империясының құрамындағы халықтарды бір-бірімен айдап салумен айналысты. 1848-1849 жылғы Австриядағы революция Меттерних үкіметін құлатты. <ref> Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,8 том, 371 бет </ref>

Дереккөздер

<references/>