Клара Шайсұлтанқызы Хафизова
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Клара Шайсұлтанқызы Хафизова (24 сәуір 1939 жыл, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы) – тарих ғылымдарының докторы (1995), профессор (1998).
Өмірбаяны
- Ташкент мемлекеттік университетін (1964) және КСРО ғылым академиясы Шығыстану институтының аспирантурасын (1973) бітірген.
- Қазақстан ғылым академиясының Тарих, археология және этнология институтында кіші ғылыми қызметкер (1969–1970)
- Қазақстан ғылым академиясының Ұйғыртану институтында аға ғылыми қызметкер (1974–1990)
- ҚазҰУ-да кафедра меңгерушісі (1990–1994)
- Қазақстан_стратегиялық_зерттеулер_институтында жетекші ғылым қызметкер, бөлім бастығы (1995–1998)
- «Қайнар» университеті стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталықтарының директоры (1998–2005) болды.
- 2005 жылдан «Қайнар» университеті жанындағы қазақ тарихы мен өркениеті институтының директоры қызметін атқарады.
Еңбектері
- «14–19 ғасырлардағы Қытайдың Орта Азиядағы дипломатиясы» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.
- 50-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>
Дереккөздер
<references/>