Клавдия Антоновна Пищулина

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Клавдия Антоновна Пищулина (10.11.1934 ж. т., Ресей, Большой Самовец с.) — шығыстанушы, тарих ғылымдарының кандидаты (1979).

ММУ-дың шығыс тілдері институтын (Азия және Африка елдері институты) бітірген. 1957 — 59 ж. осы оқу орнының аспиранты. 1959 — 2001 ж. ҚР ҰҒА Тарих және этнология институтында кіші ғылыми қызметкер, ғалыми хатшы, жетекші ғылыми қызметкер, ежелгі және орта ғасырлар бөлімінің меңгерушісі болды. Ол парсы және түркі деректемелері негізінде Қазақ хандығы кезіндегі Оңтүстік Қазақстан мен Сыр бойындағы қалалардың тарихын және 14 — 16 ғасырлардағы Моғолстан мен Қазақ хандығының құрамындағы Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның этносаяси және әлеуметтік-экономикалық дамуын қарастырды. Қазақ халқының этногенезі, оның этникалық тарихы және аумағы, әкімшілік құрылысын зерттеу мәселесіне елеулі үлес қосты. “Қазақ КСР тарихы” (2-т., 1979 мен) “Қазақстан тарихы” (2-т., 1997) академиялық басылымдарының негізгі авторларының бірі. Жоғары оқу орындары мен мектеп оқулықтарын жазған.

“Достық” орденімен марапатталған.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы.

«Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}