Киікшөптес бөденешөп

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Киікшөптес бөденешөп (Үлгі:Lang-la) – бақажапырақ тұқымдасына, бөденешөп туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.


Жетісу (Жоңғар) Алатауындағы альпі белдеуінің қиыршықтасты бөліктерінде өседі. Биіктігі 8 см-дей, өте көп жіңішке тамырлары бар өсімдік. Сабақтары жіңішке, түбінен бұтақтанып шығады. Төменгі жағындағы жапырақтары жұмыртқа тәрізді, жоғарғылары ұзынша, эллипске ұқсайды, сағақсыз, өркен бойына қарама-қарсы орналасады. Тостағанша жапырақшалары 4 бөлікті, сырты тікенекті. Күлтелері ақшыл немесе көкшіл түсті, пішіні дөңгелек тәрізді, іші жалаңаш. Тұқымынан көбейеді. Шілде – тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – қауашақ. Киікшөптес бөдене – өте сирек кездесетін эндемик түр. Таралу аймағының жылдан-жылға азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>


Сыртқы сілтемелер