Китаб әл-Ағани

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Kitab al-aghani.jpg
Жыр кітабының көркемдемесі, 1216-20, Әбу-л-Фараж әл-Исфаhани, әйгілі әншілер мен араб ақындарының ән жинағы.

“Китаб әл - Ағани” (“Жыр кітабы”) – тарихшы, әдебиетші әрі ақын Әбу-л-Фараж әл-Исфаhани (897 – 967) құрастырған араб поэзиясының антологиясы. Бұған 7– 10 ғасырлардағы араб ақындарының өлеңдері мен оларға жазылған Ибраhим әл-Маусили, Исмаил ибн Жәми және Фулайха ибн әл-Аврдың музыкасы кірген. “Китаб әл - Ағани” ақындардың өмірбаяны, композиторлар мен белгілі орындаушылар жайында түсініктер бар. Түзілу жүйесінде кемшіліктер болғанымен, бұл – 10 ғасырға дейінгі араб және араб тілдес елдердің әдебиеті мен мәдениеті, әлеум. өмірі және әдет-ғұрпы туралы мәліметтер беретін құнды еңбек. 1840 ж. “Китаб әл - Ағаниды” неміс ғалымы Козергартен 10 том етіп шығармақ болған еді, оның 1-томы ғана 1868 – 69 ж. жарық көрді. “Китаб әл - Ағанидың” толық басылымы 1904 ж. 21 том болып Каирде басылып шықты.Крымский А.Е.,<ref>История арабов и арабской литературы</ref>, т. 1 – 3, М., 1911 – 13.

Дереккөздер

<references/>Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Китаб әл-Ағани|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}