Киров ескерткіші

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Киров ескерткіші.jpeg
Киров ескерткіші

Киров ескерткіші, Коммунистік партия мен совет мемл. қайраткері С. М. Кировтің құрметіне Өскемен қаласындағы Киров атындағы паркте 1938 жылы орнатылған. Авторлары: мүсінші Н. В. Томский, арх. Н. А. Тоцкий. Биіктігі - 7 м. Мінбеден сөз сойлеп тұрған жалынды шешен - табанды большевик бейнесінде мүсінделген. Гранитті тұғырдың орта тұсынан периметрі бойынша "Өнеркәсіп", "Ауылшаруашылығы" қола барельефтері түсірілген. Мұндай ескерткіш Ленинградтағы Киров алаңында да орнатылған. Киров ескерткіші - респ. мәні бар өнер туындысы, ол мемл. қорғауға алынған.

Дереккөздер

↑Қазақ ССР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7