Киргизская Степная Газета
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
“Киргизская Степная Газета” – ресми апталық басылым, “Акмолинские областные ведомости ”газетінің қосымшасы. 1894 ж. қаңтардан 1902 ж. наурызға дейін Омбыда қазақ, орыс тілдерінде аралас шығып тұрды. Газеттің ресми емес бөлімінде өлкенің географиясы, тарихы мен этнографиясы, шаруашылығы жөнінде мағлұматтар, мақалалар мен материалдар басылды. Сондай-ақ, газет беттерінде әңгіме, очерктер және шығыс аңыздары мен қазақ ертегілері жарияланып тұрды.<ref name="source1">Қазақ энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер:
<references/>