Кино түсіру павильоны
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сурет:2008TIBE Day5 Hall1 MoviePavilion.jpg
Кино түсіретін павильонда шыққан эпизодты тексеру
Кино түсіру павильоны - киностудиядағы кино түсіруге лайықталған арнаулы бөлме.
Кино түсіру павильоны декорацияларды құру кезіндегі ауыр жұмыстарды механикаландыруға қажетті құралдармен жабдықталады. Дыбысты синхронды жазу кезінде бөлмеге бөгде шу өтпеуі қамтамасыз етіледі, акустикалық қасиеті жақсартылады. Декорацияны жарықтандыруға, әр қилы эпизодтар түсіруге қажетті электр жабдықтары және т.б. қондырғылар қойылады. Кино түсіру павильонының ауданы 400-ден 4000 м^2-ге, биіктігі 6-дан 25 метрге дейін жетеді.<ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том</ref>