Кинотеодолит станциясы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сурет:Gen. C. Robert Kehler, commander of Air Force Space Command, sits in a cinetheodolite during a visit to Cape Canaveral AFS.jpg
Зымыранның ұшу сәтін түсіретін кинотеодолит
Кинотеодолит станциясы - ұшырғыш-зымырандардың активті аймақтағы ұшу сәтін кинопленкаға түсіруге арналған станция.
Ұшырғыш-зымыранның ұшуын қадағалау кезінде кинотеодолиттің объектив осінің кеңістікте бағдарлану сәті кинопленкада белгіленіп отырғандықтан, ондағы суреттерден ұшырғыш-зымыранның ұшу траекториясының сипаттамаларын анықтау мүмкіндігі бар. Ғарыш айлақтарында кинотеодолит станциясының желілері құрылады. Бұлардың жұмысын уақыт қызметі үйлестіріп отырады.<ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том</ref>