Киножурнал

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Киножурналкинохрониканың бір түрі, әлсін-әлсін шығарылып тұратын ақпараттық кинотуынды. Ол бүгінгі ел өмірінен, ішкі және халықаралық саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және спорт өмірінде болып жататын елеулі оқиғалардан хабар беріп отыратын мерзімді киношығарылым. Бұрынғы Кеңес өкіметі территориясында Киножурнал 1918 жылдан шыға бастады (алғашқы Киножурнал “Кинонеделя”). Ұлы Отан соғысы жылдары (1941 – 45) Алматы киностудиясында Союзкиножурнал (кейін “Бүгінгі күн жаңалықтары” деп аталды) шығарылып тұрды. Сол жылдары “Бәрі майдан үшін!”, “Бәрі – жеңіс үшін!” деген айдармен арнаулы кинотуындылар түсірілді. 1935 жылы “Қазақфильм” киностудиясында “Советтік Қазақстан” Киножурналы үзбей шығарыла бастады. Ол 1969 жылға дейін аптасына, 1984 жылдан айына 2 рет шығатын болды. Аталған Киножурналдың 2 мыңнан аса нөмірі жарыққа шықты. Кейін “Қазақфильмнің” 2-шығармасы-өндірістік бірлестігінде тұрақты түрде жылына бір рет “Спорт”, “Өнер”, “Пионерия” атты тақырыптық Киножурналдар шығарылды. Теледидар мен бейнефильмдер жасау технологиясының дамуына байланысты 20 ғ-дың 90-жылдарынан бастап Киножурнал жанры басқаша сипат алды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}