Кинкаку-дзи

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Нихонго — Киото қаласында орналасқан көне ғибадатхананың бірі. Павильон Кекоти бөгені жағалауында табан тіреген. Ғибадатхананың жан-жағында бау-бақша бар. Оның қасында арнайы шай ішетін шайхана тұр. Мұнда келуші жапон жұртының дәстүр бойынша дайындалатын шайынан ішеді. Онымен қоса бұл мекенге сан ғасырлық тарихы бар ескерткіштер қойылған. Келушілер оған ізгі тілектерін тілеп, садақа тастайды. Алтын павильон үш қабаттан тұрады. Әрқайсысы өзіне тән архитектуралық нақышта салынған.

  • Оның бірінші қабаты ақ түсті ағаш бағанынан тұрады. Ол сарай үлгісі бойынша соғылған. Және де онда кішігірім зал мен Шака мен Есемица мүсіндері қойылған.
  • Екінші қабаты Букке үлгісі бойынша салынған. Онда Каннон Бодхисатты қоршайтын «Төрт көк аспан қорғаушысы» ескеркіші тұр.
  • Үшінші қабат қытай үлгісінде дзен-буддизм ғибадатханасы ретінде тұрғызылып, шатырына алтын феникс орнатылған. Сонымен қатар ғибадатхананың барлық қабырғасының екі жағына алтын жалатылған.

Галерея

99px 186px 208px 208px
Асикага Ёсимицу
Кекоти көлі
Павильонның қысқы көрінісі
Қытай фениксі

Өзгерістер

180px 253px 221px 221px
Алтын павильон (1893)
Алтын павильон (1905)
Алтын павильон (1950)
Алтын павильон (2008)

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Тағы қараңыз

Үлгі:Әлемдік мұралардың тізімі